Спорт

Көкшетаулықтарға қарсы өткен матчта құлагерліктер жеңіліс тапты

Спорт жаңалықтарына кезек берейік! Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы аясында ұйымдастырылған кездесуде петропавлдық “Qulager” құрамасы көкшетаулық “Arlan”-ға есе жіберіп алды.

Қаңтардың 30-ы күні сырт айдында өткен матч 4 те 2 есебімен аяқталды. Аса маңызды кездесуде “Qulager” сапынан Ильгиз Нуриев пен Альберт Гатин көзге түсті. Айта кетейік, бұл додада қарымта ойын болмайды. Демек, солтүстікқазақстандық құрама жарыстағы жорығын аяқтады. Есесіне, ақпанның 5-ші жұлдызында өскемендік “Торпедо” жігіттерімен ел біріншілігі аясында күш сынасады. Қазір шығысқазақстандық команда турнирлік кестеде көшбасында тұр. Ал “Qulager” 7-ші орында келеді.

 

 

Алдияр Айтпаев