МТРА жаңалықтарыБилік

Ақпаннның 12-сі облыс әкімі халық алдында есеп береді

Өткен аптадан бастап өңірде түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептік кездесулері жүріп жатыр. Жалпы, 570 шара өтеді деп жоспарланған. Оның жартысына жуығы – дәстүрлі, қалғаны онлайн форматта ұйымдастырылмақ.

Маңызды науқанды ақпаннның 12-сі күні өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қорытындылайды. Қорытынды кездесу экранда жазылған облыс әкімдігінің ресми сайтында (www.gov.kz/memleket/entities/sko), сондай-ақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде және облыстық телеарналардан көрсетілмек. Тікелей эфирде өтетін іс-шара күндізгі сағат 11:00-ге жоспарланған. Солтүстікқазақстандықтар аймақ басшысына сұрақтарын 8(7152)­­­ 34-02-04 телефон нөмірі бойынша немесе Құмар Ақсақаловтың Facebook пен Instagram-дағы парақшасына және @Esepskobot телеграмм боты арқылы жолдай алады. Сонымен қатар, сағат 11 мен 12-нің аралығында арнайы Call-centеr жұмыс істемек. Оның нөмірі – 8(7152) 35-00-07.

 

Ешкенова Дана