ТЖ

Бескөлдегі базар отқа оранды

Кеше Бескөлдегі базар отқа оранды. Елді елең еткізген төтенше жағдай түнгі 11-де орын алды.

Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жеткен. Олар жалынды бір сағаттың ішінде ауыздықтап, тағы сонша уақытта толықтай сөндірген. 2 дүңгіршек пен нысанның шатыры жанып кетті. От шарпыған жалпы аумақ 264 шаршы метрді құрайды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

 

Бисенова Жанна