Жерлестеріміз көптен күткен жеңіске жетті! Кеше «Qyzyljar» командасы болгариялық «Арда» құрамасын ұтты.
Түркияның Сиде қаласында ұйымдастырылған жолдастық кездесу 2 де 3 есебімен аяқталды. Бұл ойында солтүстікқазақстандықтар сапынан Максим Драченко, Шота Григалашвили мен қаралымда жүрген спортшы көзге түсті. Соңғы қос голдың асқан шеберлікпен соғылғандығын айта кетейік. Футболшыларымыз ұтымды сәттерді мүлт жібермей, ала допты қарсылас қақпада тулатты. Бұған дейін теріскейлік ұжым Қара теңіз жағасында 2 матч өткізіп, жеңіліс тапқан болатын. Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары наурыз айына дейін жалғаспақ. Келесі қарсыласымыз – ресейлік “Шинник”. Бұл кездесу қаңтардың 30-ына белгіленген.
Бисенова Жанна