Спорт

Жерлесіміз Роман Креч әлем кубогында жеңіс тұғырынан көрінді

Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч ХЕренвен қаласында өткізілген әлем кубогының 1-ші кезеңінде 3-ші орын иеленді

Жерлесіміз 1000 метр қашықтықты 1 минут 9 секундта еңсерді. Нидерланд елінде ұйымдастырылған додада Роман Кречтен бөлек, тағы екі қазақстандық жақсы нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа ілінді. Олар – Демьян Гаврилов пен Александр Кленко. Қос отандасымыз 5-ші және 6-шы орындарға тұрақтады. Әлемдік доданың 2-ші кезеңі 29-шы қаңтар күні ХЕренвен шаһарында бастау алмақ.

Алдияр Айтпаев