Ауа райы

СҚО-да ауа температурасы -42-ге дейін төмендеді

Өткен демалыс күндері өңір аумағында сарышұнақ аяз тұрды. Бұған Салехард аймақтарынан келген антициклон себеп болып отыр.

Осы орайда «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұсынған ақпарды жария етейік. Өлкеміздегі ең төмен ауа температурасы Есіл ауданының орталығы Явленка селосында тіркелді. Мұнда сынап бағанасы минус 42 градусты көрсеткен. Ал Петропавлда минус 38 болыпты. Тарихи мәліметпен де бөлісейік. Өңірімізде қаңтар айындағы ең суық күн осыдан 15 жыл бұрын тіркеліпті. Онда даладағы температура минус 43 градусты құраған екен.

Казиканова Алтынай