Konstitutsia banner mobile

Спорт

«Qyzyljar» мен «Рух Львов» арасындағы матч

Кеше петропавлдық «Qyzyljar» мен украиналық «Рух Львов» командаларының арасында жолдастық матч өтті.

Ойын бастала салысымен солтүстікқазақстандық жігіттер басымдық танытты. Олар кездесудің 10-шы минутында есеп ашып үлгерді. Айта кетейік, бүгінде «Qyzyljar» басшылығы Түркиядағы оқу-жаттығу жиында бірнеше жаңа ойыншыны қаралымнан өткізуде. Голды да ұжымға жаңадан қосылған аяқ доп шеберлерінің бірі соқты. Өкінішке қарай, әзірге көзге түскен спортшының аты-жөні белгісіз. Араға 30 минут салып қарсыластар есепті теңестірді. Осылайша алғашқы тайм 1 де 1 есебімен аяқталды. Ал келесі кезеңде украиналықтардың жолы болды. Олар жерлестеріміздің қақпасына жауапсыз 2 гол соқты. Нәтижесінде «Qyzyljar» 3 те 1 есебімен ұтылды.

Бердимурат Баймухан