Спорт

“Qyzyljar” ФК “Мариуполь” командасынан жеңіліс тапты

Кеше “Qyzyljar” ФК “Мариуполь” командасына қарсы кездесу өткізді. Матч Түркияның Белек қаласында ұйымдастырылды.

Украиналық құрамаға жерлестеріміз 4 те 0 есебімен есе жіберіп алды. Қарсыластардың қарқынына төтеп бере алмаған петропавлдықтар “Мариуполь”-дің қақпасына тек 2 мәрте ғана жақындаған. Бірақ, жасалған шабуыл сәтсіз болып шықты. Айта кеткен жөн, бұған дейін командалар оқу-жаттығу жиыны кезінде үш жолдастық кездесу өткізген. Енді петропавлдықтар қаңтардың 24-і күні украиналық “Рух” құрамасына қарсы кездесу өткізеді.

 

Алдияр Айтпаев