МТРА жаңалықтары

Елбасы медалі иегерлерінің саны көп үш аймақ анықталды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өзін-өзі дамыту бойынша 6 айлық бағдарламаны табысты аяқтаған жас қазақстандықтардың тізімін жариялады. Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысқан болатын. Олардың барлығы алты ай бойы кітап оқыды, өзгелерге көмек көрсетті, мәдени мұраны зерттеді және спортпен шұғылданды. Көпшіліктің назарына ұсынылған тізімге сәйкес, ең көп медаль иегерлері бар өңірлер анықталды. Солтүстік Қазақстан облысы – үшінші орында. Аққайыңдар өлкесінің 196 тұрғыны марапатқа лайық деп танылған. Құрметке бөленетін жандардың жалпы тізімі 2 535 адамнан тұрады. Олардың барлығы қола медаль алмақ.

Култанов Байболат