МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтар мен оралмандар шетелдік шоты туралы есеп беруден босатылды

1 қаңтардан бастап қазақстандықтар мен оралмандар шетелдік шоты туралы есеп беруден босатылды. “Бұл жайлы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев баян етті”,- деп хабарлайды zakon.kz.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, өткен жылдың желтоқсанында салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және мемлекетімізде тұруға ықтиярхаты бар адамдар шетелдік банктердегі шоттарындағы ақшаны көрсетуге міндетті емес. Яғни, енді бұл жандар 240.00 формасындағы құжатта шетелдік банктердегі шоттарындағы қаражатты көрсетпеуге құқылы.

Бисенова Жанна