Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстанда кеше коронавирустан 15 адам қаза тапты

Қазақстанда коронавирустан өлім жағдайлары жиіледі. Өткен тәуліктің өзінде 15 қауіпті инфекциядан ажал құшқан.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір ел аумағында 25 мыңнан астам адам індет жұқтырып алған. 7 мыңға жуығы – стационарларда, қалғаны үйде ем алуда. Емдеу мекемелерінде 41 науқас аса нашар жағдайда жатыр. Олар өздігінен тыныс ала алмағандықтан,
ИВЛ апаратына қосылған. Ал пневмонияға кеше 131 адам шалдыққан. Өкінішке қарай, 2 адам ажал құшты. Дерттен құлан-таза айығып шыққандардың саны 120-ны құрайды.

Маржан Касымбек