Sailau banner

Құқық қорғау органдары

21 жастағы тайыншалық ауылдасының қойларын ұрлап кеткен

Тайынша ауданында 21 жастағы жігіт ауылдасының қойын ұрлап отырған. Бірінші оқиға дәл Жаңа жыл түнінде орын алады. Малдың иесі жоғын іздеп полицейлерге жүгінбейді, қорадан шығып кеткен шығар деп ойласа керек.

Манағы жігіт боранды күнді пайдаланып, тағы 2 қойды ұрлап кеткен. Қос-қостан жымқырып, ақыры 6 тұяқтыны қолды қылған. Малдың иесі тәртіп сақшыларына хабарласады. Нәтижесінде бұрын ұрлық жасап, жауапкершілікке тартылған 21 жастағы ауыл тұрғыны қолға түседі. Бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-1-бабы (188 де 1-ші бап) бойынша іс қозғалды. Көрші ауылға сатылып кеткен жануарлар иесіне қайтарылды. Жалпы, өткен жылы облыс аумағында мал ұрлауға қатысты 47 фактісі тіркелген. 26 іс ашылыпты, қалғаны бойынша әлі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Казиканова Алтынай