Қайырымдылық

Петропавлда шарапаты мол шара өтті

Петропавлда шарапаты мол шара өтті. Қазақстан Мұсылмандары дііни басқармасы жанындағы “Зекет” қорының мұрындық болуымен “Қайырымдылық жаршысы” атты марафон ұйымдастырылды.

Жақсылыққа толы жоба аясында қолдауға мұқтаж 415 жерлесімізге азық-түлік жеткізілді. Дені – көпбалалы, тұрмысы төмен, жалғызбасты аналар мен мүгедек жандар. “Қайырымдылық жаршысы” марафоны алдағы уақытта өз жалғасын табады. “Бірлік болмай – тірлік болмас” демекші шараға кез келген өңір тұрғыны ат салыса алады.

Алдияр Айтпаев