Спорт

Хоккейшілеріміз қатарынан жетінші рет жеңілді

Хоккейшілеріміз қатарынан жетінші рет жеңілді! Кеше петропавлдық “Qulager” хоккей клубының жігіттері елордалық “Nomad” командасына есе жіберді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч 4 те 0 есебімен аяқталды. Бұл ойынға жергілікті құраманың бас бапкері Александр Троицкий қатыспады. Ол алдынғы кездесуде қызбалыққа салынып, төрешілермен дауласқан болатын. Осы үшін 1 матчтан шеттетілді. Яғни, маман бүгін, 17:00-де бастау алатын қарымта бәсекеге қатысады. Сөз соңында мынандай статистика: құлагерліктер соңғы 5 ойында өз қақпаларына 16 шайба жіберіп, қарсыластарына 8 шайба соққан.

Култанов Байболат