COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 55 адам вирус жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 55 адамға коронавирус жұққан. Науқастанып қалған 39 жанның бойынан ауру белгісі анық байқалады. Ал қалғаны індеттің симптомсыз түріне шалдыққан.

Ел көлеміндегі ақпармен бөлісейік. Қаңтардың 17-сі күні мыңнан астам қазақстандықтың ПТР-тесті оң нәтиже берген. Дертті жеңгендер де баршылық. Кеше 468 ел азаматы аурудан құлан-таза айығып шықты. 107-сі – жерлестеріміз. Айта кетейік, облысымыз әлі де сары аймақта.

Маржан Касымбек