Құқық қорғау органдары

Қос қылмыскер темір торға тоғытылды

Петропавлда қос қылмыскер 12 жыл, 7 айға сотталды. 29 жастағы ер адам 19 жасар қызбен бірігіп, мефедрон атты аса қауіпті синтетикалық есірткі сатқан. Мұндай зиянды зат облыс орталығында алғаш рет тіркеліп отыр.

Белгілі болғандай, сотталғандар есірткіні “Аквафор” фильтрінің қаптамасына салып, Омбы қаласынан Көкшетауға тасымалдаған. Тәркіленген зиянды заттың жалпы көлемі 200 граммға жуықтайды. Бұл көлемнің бір бөлігі Петропавл қаласының тұрғынынан табылыпты.

Тергеп-тексеру барысында бойжеткеннің қала бойынша мефедрон таратқаны анықталды. Ал клиенттер онымен Telegram мессенджері арқылы байланысқан. Полицейлер із кесу жұмыстарымен жарты жыл айналысыпты.

Иван Терзиди – СҚО ПД есірткі қимылына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:


– Нәзікжандыны біз Петропавлда ұстадық. Ал ер адам Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Ол жақта оның достарымен бірге болғаны, техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істегені анықталды. Белгілі болғандай, бұрын қылмыскер ұрлық жасағаны үшін сотталған. Дәріханаларда 8 сейфті ашып, ішіндегі ақшаны жымқырып кеткен екен.

 

 

 

 

Алдияр Айтпаев