Білім

Биылдан отандық ЖОО түлектерге жеке үлгідегі диплом береді

Биылдан бастап қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерге жеке үлгідегі диплом береді. Бұл жайлы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Ведомство басшысының сөзінше, әр оқу орны жеке брендке айналады. Атақ-абыройы үшін өз атынан жауап беретін болады. Студенттің білім алғанын растайтын өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына, оларды есепке алу және беру тәртібіне қойылатын талаптар да заң негізінде айқындалады. Заңсыз немесе жалған құжат айналымына жол бермеу мақсатында да тиісті шаралар қабылданбақ. Диплом Болон процесінің талаптарына сай арнайы бағдарлама арқылы тексеріледі және өзіндік реквизит беріледі. Сондай-ақ, білім ордаларында оқу жетістіктерін сырттай бағалау процедурасы жүргізілмейді, академиялық еркіндік берілмек.

Маржан Касымбек