Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа автобустар қаңтардың 18-і қолданысқа беріледі

Жаңа автобустар қаңтардың 18-і күні қолданысқа беріледі. Бұл жайлы қала әкімі Болат Жұмабеков instagram-дағы парақшасында жазды.

Заманауи 7 қоғамдық көлік өңірге өткен аптаның 9-ы күні жеткізілген болатын. Содан бері темір тұлпарлар техникалық байқаудан өтіп жатыр. Тексеру жұмыстары алдағы күндері аяқталады.

Болат Жұмабеков – Петропавл қаласының әкімі:

– Қазіргі таңдар олар техникалық бақылаудан өтуде. Яғни, қажет болған жағдайда тіреуіштерін ауыстыру, сұйықтықты өлшеу, агрегаттарды тексеру сияқты жұмыстар жасалады. Жаңа автобустардың алғашқылары болғандықтан техникалық мүмкіндіктерін тексеру қажет. Техникалық қызмет көрсету 17 қаңтарда аяқталады. 18 қаңтардан бастап қайтадан маршрутқа шығатын болады.

 

Ешкенова Дана