Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс сайлауының қорытындысы жарияланды

Бүгін орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауының қорытынды нәтижесін жариялады. Статистика мынадай:

Nur Otan партиясы – 5 148 74 дауыс немесе 71,09 пайыз дауыс;

“Ақ жол” партиясы – 792 828 дауыс немесе 10,95 пайыз дауыс;

“Қазақстан Халық партиясы” – 659 019 дауыс немесе 9,10 пайыз дауыс;

“Ауыл” партиясы – 383 023 дауыс немесе 5, 29 пайыз дауыс;

ADAL саяси партиясы – 258 618 дауыс немесе 3,57 пайыз дауыс.

Сайлау нәтижесі бойынша Мәжіліске 3 саяси ұйым өтті. Олар: “Nur Otan”, “Ақ жол” демократиялық партиясы мен “Қазақстанның халық партиясы”. Енді әрқайсысында қанша депутаттық мандат бер екенін айтай кетейік. “Nur Otan” партиясында – 76, “Ақ жол” демократиялық партиясында – 12, ал “Қазақстанның халық партиясында” 10 мандат бар. Одан бөлек, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан 9
депутаттық мандат бары көрсетілген. Орталық комиссия ұсынған мәліметке сәйкес, сайлауда 7 млн-нан астам қазақстандық дауыс берген. Оның 301 мыңнан астамы – солтүстікқазақстандықтар.  

Бисенова Жанна