COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 52 адам коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 52 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 24-інің бойынан ауру белгілері анық байқалады. Қалғандары – симптомсыз.

Науқастардың саны бойынша көшбасында Петропавл тұр. Шаһарда қауіпті індетке 18 тұрғын шалдыққан. Ал Мағжан Жұмабаев ауданында – 9, Есілде – 7, Айыртауда – 6, Ғабит Мүсіреповте – 5, Шал ақын, Тайынша мен Мамлютте 2 жағдайдан тіркелді. Сондай-ақ, Қызылжар ауданында 1 кісі инфекция жұқтырған. Әлемде коронавирус жалпы 90 млн-нан астам адамнан анықталған. Көз жұмғандардың саны 1 млн 933 мың 487-ны құрайды. Дерт жұқтыру жағдайы ең көп тіркелген ел – Америка құрама штаттары.

АҚШ-та 22 млн 400 мыңға тарта жан ауырған. Екінші орында – Үндістан. Аталған мемлекетте 10 млн 450 мың факті тіркеліпті. Ал үшінші сатыда – Бразилия. Мұндағы науқастардың саны 8 млн-нан асады. Қазақстандағы ахуалға келер болсақ, пандемия басталғаннан бері республикамызда тәжді вирусты 163 мыңнан аса адам жұқтырған.

 

 

 

Бердимурат Баймухан