Құқық қорғау органдары

Литва елінен бет алған жүк көлігі діттеген жерге жеткізілді

Мына фотосурет желіге демалыс күні жүктелді. Литва елінен бет алған “DAF” жүк көлігі өңір жолдарының бірінде істен шыққан. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, гүл тиелген темір тұлпардың антифризі таусылып қалыпты.

Шетелдіктерге жергілікті тәртіп сақшылары жәрдем берді. Олар керекті сұйықтықты алып келіп, машинаны оталдырған. Осылайша көлік тізгініндегі жандар – Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылына, ал келесі күні Көкшетау қаласына бет алған. Діттеген жерге жеткен соң, азаматтар солтүстікқазақстандық полицейлермен хабар алмасып, алғыстарын білдіріпті. Тәртіп сақшылары тұрғындарға жолда барынша сақ болу қажеттігін ескертеді.

 

Алдияр Айтпаев