Құқық қорғау органдары

СҚО-да басшылық қызметтегі полицейлер психологтардан дәріс алды

СҚО-да басшылық қызметтегі полицейлерге психологтар арнайы тренинг өткізді. Шараның басты мақсаты – шенділердің кәсіби дағдыларын нығайту.

Жалпы, тәртіп сақшысы болу физикалықпен қоса, психологиялық тұрғыдан да оңай емес екендігі мәлім. Себебі, бұл қызмет зор жауапкершілік пен шыдамдылықты, темірдей тәртіпті талап етеді. Психологтардың сөзінше, құқық қорғау саласын таңдаған жандар жұмыста үйренісе алмай 3 жыл көлемінде қиналады екен. Яғни, жас мамандарға басшылық тараптан қолдау ауадай қажет. Ал тренингте жауапты қызметтің жүгін енді арқалаған жандарға көмек көрсету, тұрғындармен қарым-қатынас орнату жайлы кеңінен айтылды. Сондай-ақ, кез келген келеңсіз жағдайда сабыр сақтап, эмоциялық күйзеліске ұшырамаудың әдістері ұсынылды.

Казиканова Алтынай