COVID-19: Қазақстан

СҚО-да 57 дам коронавирус жұқтырды

Елдегі эпидахуал жайлы қолда бар ақпаратқа сүйенсек, соңғы тәулікте Қазақстанда 831 адам коронавирус жұқтырған,ал 723 отандасымыз қауіпті індеттен айыққан. Олардың 61-і -солтүстікқазақстандықтар.

Зертханалық тексерістің нәтижесі бойынша 7-ші қаңтар күні облысымызда 57 адамнан вирус анықталған. Олардың 10-ның бойында аурудың нақты белгілері бар. Қалғандары – симптомсыз. Жалпы, пандемия басталғаннан бері елімізде КОВИД-19-ды 160 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның ішінде 9 мыңнан астамы – солтүстікқазақстандықтар.

Бердимурат Баймухан