МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар қоғамдық орындарды аралады

Бүгін “Nur Otan” партиясының өкілдері қаладағы «Қызылжар» коммуналдық базарына барды. Онда үміткерлер саудамен айналысатын жандарды өздерінің бағдарламаларымен таныстырды, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Тұрғындар үміткерлердің бағдарламаларын мұқият тыңдады. Және 10-шы қаңтар күні сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасайтынын айтты. Солардың бірі – Антонина Дудкина. Нәзікжанды – Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылының тұрғыны. Оның сауда-саттықпен айналысып жүргеніне 15 жыл болыпты. Жерлесіміз әр қазақстандық үшін ел экономикасының тұрақтылығы маңызды. Өйткені, әр адамның әл-ауқаты соған байланысты,- дейді.

Антонина Дудкина – Қызылжар ауданының тұрғыны:

– Біздің мемлекетімізде тұратын әр адам елде тек жақсылық болғанын қалайды. Қазір әркімнің көкейін мазалайтын өзекті мәселелер көп. Біреуді – жалақының, зейнетақының аздығы қынжылтады. Ал тағы бірін жол мәселесі алаңдатады. Мен өз басым орталықтардың газбен қамтылғандығын қалаймын. Сондықтан, біз дауыс берерде жағдайдың одан әрі жақсы болатынына үміттеніп барамыз.

Барлық сұрақтар қойылды, жауап алынды. Ал қалғаны сайлау аяқталғасын шешімін таппақ.

Казиканова Алтынай