Құқық қорғау органдары

СҚО-да былтыр алкогольді ішімдікті лицензиясыз сатудың 185 фактісі тіркелген

Лицензиясыз өнім! Жақында полицейлер Мамлют ауданындағы дүкендердің бірінен тиісті құжаттары жоқ 120 литр алкогольді ішімдік тәркіледі.

Сауда нүктесінің иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463-бабы бойынша жауапқа тартылды. Дәл осы бап бойынша Мамлютка қаласының 59 жастағы өзге тұрғынына да қатысты материал жинақталды. Ер адам ащу суды үйінде сатып келген. Пысықайдың баспанасынан 8 бөтелке арақ табылды. Жалпы, өткен жылы облыс аумағында ішімдікті лицензиясыз сатудың 185 фактісі тіркелген. Тәркіленген өнімнің көлемі 1200 литрден асады.

Ешкенова Дана