Спорт

«Qyzyljar» ФК жаңа маусымға дайындықты бастады

Жергілікті «Qyzyljar» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті.

Оқу-жаттығу жиындары қаңтар айының 6-сы мен 15-сі аралығында Петропавлда өтеді. Оған 15 спортшы шақырту алған. Аяқ допшылардың дені – жергілікті жастар. Әзірлік жұмыстары кезінде жас таланттар өздерін жақсы қырларынан көрсетсе, негізгі командаға қосылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта құрамаға өзге отандық ойыншылар мен легионерлер шақыртылмақ. Айта кетейік, қазіргі таңда «Qyzyljar» бас бапкерсіз жаттығып жатыр. Былтырғы чемпионаттан кейін экс-жаттықтырушы Вячеслав РуснАк өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Ұжым тізгінін кімнің ұстайтыны жақын арада жарияланбақ.

Алдияр Айтпаев