МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар Кладбинка селосының тұрғындарымен жүздесті

Жұмыссыздық пен төмен табыс. Бұл – Жамбыл ауданына қарасты Кладбинка селосының халқын толғандыратын проблемалар. Алайда, алдағы 5 жылда аталған мәселелер біртіндеп шешімін табады. Оны жергілікті тұрғындарға нұротандықтар айтты. Сөздерінше, келешекте ауданда заманауи сүт-тауарлық ферма ашылады. Одан қалды, жылқы, қой, құс және шошқа өсіру кешендерін салу көзделіп отыр. Мұның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, адамдарға лайықты жалақы төленеді.

Сәуле Сұрағанова – облыстық мәслихат депутаттығына “Nur Otan” партиясы атынан үміткер:

– Жоспар бойынша 2025 жылға дейін ауданда 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Жалақы да 40%-ға өспек. Мысалы, алдағы 5 жылдың ішінде орташа табыс көлемі 106 мыңнан 148 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Партиялықтар ауданда шағын және орта бизнес саласы да дамитындығын тілге тиек етті. Бұл бағытта жамбылдық жерлестерімізге мемлекеттен көмек көрсетіледі. Мәселен, жыл сайын жеке кәсіппен айналысамын деушілерге “Еңбек” бағдарламасы арқылы – 25, ал “Жас кәсіпкер” жобасы аясында 20 грант бөлу көзделген. Тағы, “Бастау Бизнес” да бар. Ол бойынша 80-ге жуық адам кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгермек. Медицина саласына да тиісті назар аударылады.

Сәуле Нұркиева – облыстық мәслихат депутаттығына “Nur Otan” партиясы атынан үміткер:

– Сайлауалды бағдарламада емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту қарастырылған. Тағы, ауданға әр жыл сайын кем дегенде үш тар бейінді медицина қызметкерін тарту жоспарланған. Жұмысқа орналасқан дәрігерлер үймен қамтылатын болады.

Кладбинка селосынан кейін партяилықтар Казанка мен Пресновка елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында мұндағы ағайын да толғындырған проблемаларын жіпке тізді. Ал нұротандықтар өз кезектерінде сұрақтарды шешу жолдарын әңгіме етті.

Бисенова Жанна