COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 57 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте өңірде коронавирусқа шалдығу бойынша 57 жағдай тіркелді. Оның ішінде 33 адамның бойынан ауру белгілері анық байқалады, ал 24 тұрғын вирустың симптомсыз түрін жұқтырған.

Науқастардың саны бойынша көш басында Петропавл қаласы тұр – 27 жағдай. Қызылжар мен Уәлиханов аудандарында 1 фактіден тіркелді. Тайынша, Есіл және Жамбыл аудандарында 6 жайттан анықталып отыр. Сондай-ақ, Жұмабаев пен Айыртауда – 3-еу, Мамлют ауданында 4 адам коронавирус жұқтырған. Айта кетейік, былтырдан бері облысымызда 213 мыңнан аса жан ПТР тест тапсырыпты, ал соның 700-ден астамы зертханалық анализді жаңа жылда жасатқан.

Ешкенова Дана