Құқық қорғау органдары

«Пиротехника» жедел-алдын алу іс шарасы өтті

Желтоқсанның 15-інен 31-і күндері аралығында облыста «Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Мониторинг барысында тәртіп сақшылары жергілікті сауда нүктелерін аралап, түрлі жарылғыш заттардың жоқтығын тексерді.

Айта кетейік, отшашу мен басқа да жанғыш дүниелерді сату үшін саудагерлер өңірлік полиция департаментінен рұқсат алулары қажет. Ал мұндай лицензияға былтыр ешкім қол жеткізбепті. Осыған орай мереке қарсаңында полицейлер біраз заңбұзушылықтың бетін әшкере етті. Яғни, облыстағы 18 саудагер заңсыз отшашу сатқандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген. Сондай-ақ, олардың заттары тәркіленіп алынды.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан