COVID-19: Қазақстан

Өңірде өткен тәулікте 57 адам вирус жұқтырған

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын 57 адам жұқтырып алды. Олардың 37-сінің бойынан аурудың анық белгілері байқалады. Ал 20-сы симптомсыз науқастар тізіміне енгізілді.

Індетке шалдыққандардың басым бөлігі Петропавл қаласында тіркелді. Облыс орталығында 21 жағдай анықталып отыр. Қызылжарда – 13, Аққайың, М.Жұмабаев аудандарында – 3 жағдайдан, Есілде – 2-еу, Уәлиханов ауданында 1 факті есепке алынған екен. Ал Тайынша мен Жамбыл аудандарында вирусты 5 адамнан жұқтырған.

 

 

Ешкенова Дана