COVID-19: Қазақстан

Өңірде өткен тәулікте 61 адам коронавирус жұқтырып алды

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын 61 адам жұқтырып алды. Олардың 48-нің бойынан аурудың анық белгілері байқалады.

Індетке шалдықандардың саны бойынша облыс орталығы алдыңғы қатарда тұр – 22 жағдай. Ал Қызылжар ауданында – 6-ау, Ғабит Мүсірепов ауданында – 5-еу, Аққайыңда – 12 және М. Жұмабаев ауданында 8 факті тіркелген. Шал ақын мен Айыртауда – қос жайттан.

 

Ешкенова Дана