Білім

ІІІ тоқсаннан бастап жоғары сыныптар аралас форматқа көшеді

III тоқсаннан бастап жоғары сынып оқушылары аралас оқу жүйесіне көшеді. Көшетіндер: 9-шы, 11-ші және 12-ші сыныптар.

Жасөспірімдерге 3 тілді және физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих сынды пәндерді оқыту міндетттелген. Бұл пәндердің 70%-ы – дәстүрлі форматта, қалған 30%-ы қашықтықтан оқытылады. Кестеде мынандай жағдайлар қарастырылған: сабақтар арасындағы қоңыраулар әр сынып үшін түрлі уақытта соғылады. Сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтілуде. Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданған.

Алдияр Айтпаев