COVID-19: Қазақстан

СҚО-да өткен тәулікте 64 адам вирус жұқтырған

Өткен тәулікте өңірде вирус жұқтырған тағы 64 адам анықталды.

Індетке шалдыққандардың 33-інде ауру белгілері байқалмайды. Ел көлеміндегі статистиканы сөз етейік. Желтоқсанның 22-сі күні Қазақстанда 524 тұрғынның бойынан дерт белгілері табылған. Ал Еуропа елдерінде жағдай сағат сайын ушығуда. Ұлыбританияда коронавирустың SARS-CoV-2 атты жаңа түрі анықталды. Ол қазіргі вирусқа қарағанда тез жұғады екен. “Сақтансаң, сақтаймын” демекші, аурудан аман болу үшін карантиндік талаптарды ескеріп жүрейік!

 

Ешкенова Дана