Спорт

Солтүстікқазақстандық дзюдошы ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ақтау қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Жарысқа 14 облыстан 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Кеше татами төріне жерлесіміз Назгүл Маратова шықты. Ол 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күш сынасты. Алдымен Шығыс Қазақстан, кейін Атырау облысының өкілдерін тізе бүктірді. Осылайша финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, спортшымыз ақтық сында Алматы өңірінің дзюдошысына есе жіберіп алып, күмісті қанағат тұтты. Айта кетейік, біріншілікте өңір намысын 5 спортшы қорғады.

Алдияр Айтпаев