МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар тұрғындармен жүздесті

Білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту. Бұл міндеттер нұротандықтардың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Алдағы 5 жылда атқарылатын жұмысты таныстыру үшін қалалық және облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер шаһардағы “Мечта” тұрғын-үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында әр кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын ортаға салды және жерлестерімізді толғандырған проблемаларға құлақ түрді.

Альфия Ахмарова – қала тұрғыны:

– Елімізде дәрі-дәрмектің бағасы сәл арзан болса деймін. Қазіргі пандемия уақытында преператтарға сұраныс артты. Сондықтан аса қажетті тауарлар қолжетімді болуы тиіс. Осы мәселені назарға алуды сұраймын.

Нұротандықтар бұл мәселеден хабардар екендіктерін, шешу амалдарын қарастырып жатқандарын айтты. Партия өкілдерінің сөзінше, қазіргі таңда облысымызда денсалуық сақтау саласын дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Іс осылай жалғасса алдағы 5 жылда өзекті проблемалардың барлығы біржақты етілмек.

Владимир Бубенко – облыстық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Биыл Петропавлда су жаңа инфекциялық модульдік аурухана бой көтерді. Одан бөлек, ағымдағы жылы 500 адамға шақталған заманауи емдеу мекемесінің құрылысы бастау алды. Аталған жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қолға алынды. Болашақта облыс орталығында тағы бірнеше емдеу мекемесін салуды жоспарлап отырмыз. Жедел жәрдем көліктердің санын арттыру да – негізгі міндеттеріміздің бірі.

Үміткерлер білім беру саласына да тоқталды. Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Владимир Витченконың сайлауалды бағдарламасында Петропавлдағы оқу орындарын жөндеп, бірнеше білім ордасын ашу көрсетілген. Балалар үйірмелерінің қатарын арттыру да назардан тыс қалмапты. Ал Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ержан Оразалин тұрғындарға болашақта салынатын нысандар жайлы баян етті.

 

 

 

 

Бисенова Жанна