МТРА жаңалықтары

Өңірдің 11 айдағы экономикалық дамуы

Биыл өңірде құрылыс жұмыстары қызып, өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай алға басты. Бұған статистик мамандардың жүргізген сараптамасы дәлел.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, үстіміздегі жылы өңірдің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 20,4 пайызға артқан. Мәселен, биыл өңірде 92 мың тонна ет, 567 мың тонна сүт пен 542 млн данаға жуық жұмыртқа өндірілді. Ал тамақ өнімдерінің өндірісі шамамен 11 пайызға өскен. Құрылысты айтар болсақ, соңғы 11 айда облысымызда мыңға жақын жаңа ғимарат бой көтерген. Дені – тұрғын үйлер, мектептер мен спорт кешендері. Айта кетейік, аталған шаруалардың 32,5 пайызы инвестиция есебінен атқарылды.

Ешкенова Дана