МТРА жаңалықтары

Нұротандықтар “Есіктен есікке” акциясын өткізуде

Нұротандықтар жұртшылықпен жүздесуде! Мәслихат пен мәжілісте халық қалаулысы болуға ниет танытқан жандар үгіт-насихат жұмыстарын Жамбыл көшесі бойындағы баспаналардың бірінен бастады. Үміткерлер мұндағы тұрғындардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Ақпараттық қағаз да таратты. Жаднамада әр кандидат жүзеге асырғысы келетін шаруалар жазылған. Кездесу соңында бас партия өкілдері солтүстікқазақстандықтарды лайықты таңдау жасауға шақырды.

Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастарға көмектесу, баспана мәселесін шешуде дұрыс жол көрсету, Қызылжардың көркін одан әрі құлпырту! Облыстық мәслихаттың депутаты болуға ниетті Киров атындағы зауыттың департамент директоры Серік Ахметбеков өзінің сайлауалды бағдарламасында осы жайттарға назар аударыпты. Бұдан бөлек те мәселелер баршылық.

СҚО мәслихаты депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Біріншіден – халықтың әлеуметтік жағдайы. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көбейтіп, медициналық мекемелерді заманауи техникамен қамтамасыз етуге көмектескім келеді.

Облысымызда “Есіктен есікке” акциясы қаңтардың басына дейін жалғасады. Үміткерлер алдағы күндері елді мекен тұрғындарымен де жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Маржан Касымбек