МТРА жаңалықтары

Ғ.Мүсірепов аудандық мәслихатына депутаттықтан үміткерлер тұрғындармен кездесуде

Елді мекен жолдарын қалыпқа келтіріп, әр үйді таза ауыз сумен қамтып, қажетті әлеуметтік маңызы бар нысандарды тұрғызу. Қысқасы – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Бұл міндеттер еліміздің көшбасшы партиясының сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Алдағы 5 жылда атқарылатын шаруа жоспарымен Ғ.Мүсірепов аудандық мәслихатына үміткерлер қазір ауылдағы ағайынды таныстыруда. Алғашқылардың бірі болып кандидаттар Раисовка селосынына аттанды. Нұротандықтар 2025-ке дейін біржақты ету көзделген басымдықтарға тоқталды. Оның бірі – денсаулық сақтау саласын дамыту.

Берік Сапанов – Ғ.Мүсірепов аудандық мәслихаты депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Көптен бері күрделі жұмыс істелінбеген ФАП-тарда. Биыл 3 фап пен орталық ауруханада күрделі жөндеу өткізілді.

Сайлауалды бағдарламада ауқымды істерді жалғастыру жоспарланып отыр. Осылайша тек облыс және аудан орталықтарындағы емес, сондай-ақ, шалғай орналасқан елді мекендердегі медицина қызметтеріне қолжетімділік артпақ. Үміткерлердің көтерген тағы бір өзекті мәселесі – ауылдағы ағайынның шаһарларға ағылуына қатысты. Проблема әсіресе, СҚ-да өткір тұр. Тіпті іргелі село болып табылатын Раисовкаға соңғы жылдары келетін жастардан, кететіндері көп екен.

Қамбар Қажығалиев – Ғ.Мүсірепов аудандық мәслихаты депутаттығына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер:

– Жас мамандар мен отбасыларды ауылды жерге тарту үшін кешенді жұмыс жасау қажет. Яғни, білім мен көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру керек. Сондай-ақ, – азаматтарды екі қолға бір күрекпен қамтып, баспаналы болуларына жәрдемдесу де негізгі міндет. Соңғысын біржақты ету мақсатында Раисовка селосының аграрийлері жылма-жыл жаңа үйлер тұрғызуда. Әрдайым өзекті болатын тағы бір мәселе – жол, су мен ұялы байланыс пен интернет.

Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін нұротандықтар барын салмақ. Қаңтардың 10-ы елімізде Парламент мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өтеді. Ғ.Мүсірепов ауданынан науқанға азаматтық позициясы белсенді 28 адам қатыспақ. Олардың төртеуі облыстық деңгейде тұрғындардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын халық қалаулысы болуға ниетті.

 

 

Эльмира Садвокасова