МТРА жаңалықтары

Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!». 10-шы қараша күні өңірімізде электоралдық науқанның үгіт-насихат кезеңі бастау алды.

Осыған орай еліміздің көшбасшы партиясының аймақтық штабы құрылды. Оның құрамына 51 адам кіреді. Ал сайлауалды комиссияның партиялық тізіміне 366 кандидат енді. Алдағы уақытта үміткерлер елді мекендерді аралап, 2 мыңнан аса іс-шара өткізбекші. Мамандар тұрғындармен жүздеседі және онлайн режимде халықты сайлауалды бағдарламамен таныстырады. Бағдарламада солтүстікқазақстандықтарды толғандырған өзекті сұрақтар мен қоғамда талқыланып жүрген мәселелердің жауаптары көрсетілген.

 

 

 

Бердимурат Баймухан