Аптадағы маңызды жаңалықтар

Соңғы тәулікте 70 жерлесіміздің бойынан коронавирус анықталды

Коронавирусқа қатысты өңірдегі эпидахуалға тоқталайық: соңғы тәулікте covid-19-ды 70 адам жұқтырған. Оның жартысынан астамында ауру белгілері анық байқалады.

Бейінді департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, желтоқсанның 8-і күні қауіпті дертке 27 петропавлдық шалдыққан. Жұқтыру деңгейі бойынша облыс орталығынан кейін екінші сатыда Тимирязев ауданы тұр. Мұнда 11 жағдай тіркеліп отыр. Ал Айыртауда 7 дерек анықталды. Еске сала кетейік, бүгінде өңірімізде ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істеп тұр. Өткен тәулікте мыңнан астам тестілеу жүргізілген. Жалпы, көктемнен бері коронавирус 7159 солтүстікқазақстандықтың бойынан анықталды. Өкінішке қарай, 40 жерлесіміз індеттің құрбаны болды.

 

Бисенова Жанна