COVID-19: Қазақстан

СҚО-да соңғы тәулікте инфекция жұқтырудың 75 жағдайы тіркелді

YouTube Embed: No video/playlist ID has been supplied

https://youtu.be/DPcKBpVAj9w[/youtube

Соңғы тәулікте өңірімізде инфекция жұқтырудың 75 жағдайы тіркелді. 37 адамда ауру белгілері анық байқалады. Қалған 38-і симптомсыз науқастар тізіміне енгізілді.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, желтоқсанның 7-сі күні вирустық инфекцияға Петропавл қаласында 46 адам шалдыққан. Одан кейін жұқтыру деңгейі бойынша – Тайынша мен Есіл аудандары. Аталған аудандардың әрқайсысында 8 тұрғыннан вирус жұқтырған. Қазіргі таңда өңірде ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Өткен тәулікте 1208 зерттеу жүргізілген екен. Жалпы, пандемия басталғалы 7089 солтүстікқазақстандықта сovid-19 диагнозы расталған. Бүгінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторингілік топтар да жұмыс істеп жатыр. Мамандар әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1600-ге жуық хаттама толтырған. Тиісті ережені елемегендерге салынған айыппұл көлемі 87,7 млн теңгені құрайды.

Култанов Байболат