Konstitutsia banner mobile

Спорт

“Құлагер” ХК сенімді жеңіске қол жеткізді

“Құлагер” хоккей клубы сенімді түрде жеңіске жетті! Кеше кешке жергілікті имек таяқ шеберлері өскемендік “Алтай Торпеда” командасын ұтты. Петропавлда өткен алғашқы бәсеке 6 да 2 есебімен аяқталды.

Бұл матчтың бірінші периодында солтүстікқазақстандықтар – қос мәрте, екінші жиырма минуттықта бір рет көзге түсті. Және соңғы кезеңде қарсылас қақпаға 3 шайба салды. Қазір жергілікті ұжым 38 ұпаймен турнирлік кестеде 4-ші орында тұр.

 

Култанов Байболат