МТРА жаңалықтары

Қаңтардағы демалыс күндері

2021 жылдың алғашқы айы мейрамдарға, сәйкесінше демалыс күндеріне толы.

Қаңтардың 1-і және 2-сі – ресми мереке, яғни демалыс. Соңғысы сенбіге келгендіктен, тағы бір демалыс күні қосылады. Дүйсенбіден жұмаға дейін еңбектенетіндер 1-інен бастап 4-іне дейін демалады. 5-6-сы тұрғындар әдеттегідей жұмысқа шығады. Ал қаңтардың 7-сі – Рождество мерекесі, бұл жолы бейсенбіге келіп отыр. Бұл күн де демалыс болып саналады.

Эльмира Садвокасова