Мәдениет

Облыстық кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қоры 300-ден астам жаңа кітаппен толықты.

Дені мерейтойларға орай басылып шыққан. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап белгілі абайтанушы ғалым Мекеметас Мырзахметұлы 10 томдық “Абайтану” еңбегін жазған. Биыл ғұлама ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы, С.Мұқановтың 120 жылдығына да арналған туындылар көрерменге жол тартты. Бұдан бөлек, оқырмандардың арасында аса сұранысқа ие психология, экономика, менеджмент, бизнес секілді бағыттағы тың дүниелер жеткізілген. Жалпы, жыл басынан бері С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қоры 4 мыңға жуық кітаппен толыққан екен.

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қызметкері:

– Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада 2020 жылдың қорытындысы ретінде осы жылдың 4-ші тоқсанында түскен жаңа кітаптардың көрмесі ұйымдастырлып отыр. Көрмеге жалпы 300-ден артық кітап қойылды. Оның ішінде қоғамдық саяси кітаптар, қазақ және орыс тіліндегі көркем әдебиеттер. Сондай-ақ шет тілінде де туындылар бар. Іс-шарада балаларға арналған еңбектер де жайғасты.

 

 

 

Ешкенова Дана