Крепостной көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталды

Көлік және жолдар

20:53 4 Желтоксан 2020

Петропавлда Крепостной көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді.

Крепостной көшесі орталықты Береке ықшам ауданымен байланыстырады. Бұл өзге бағытардағы көлік саны азайтуға септеспек. Мамыр айында бастау алған жөндеу жұмыстарына облыстық қазынадан 250 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Қомақты қаражатқа 1 шақырымға жуық асфальт төселді, көшені жағалай жиектас пен жарық шамдары орнатылды. Бұдан бөлек, 5 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

 

Ешкенова Дана

Бұдан әрі оқыңыз

Өткен жылы СҚО-да мың шақырымға жуық жол жөнделген
Өңір жолдары қардан қалай тазартылып жатыр?