Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өткен тәулікте облыста коронавирус 108 адамнан табылды

Өткен тәулікте облыс аумағында тәжді вирус 108 адамның бойынан табылды.

Вирустық инфекция көбінесе көрші Ресейден және өзге шет елден келген адамдардан анықталуда. Қазанның 6-сы мен қарашаның 28-і аралығында Ресейден автокөлікпен 28 жарым мыңға жуық адам келген. Оның 77 мыңнан астамы тиісті ПТР анықтамасын ұсынса, 2 мыңға жуығында болмаған. Соңғыларының 180-інен вирус анықталыпты, 15-і инфекциялық стационарға жатқызылды, ал 165 адам амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Казиканова Алтынай