Спорт

Жергілікті палуан Аманғали Бекболатов ел чемпионатында 3-орын иеленді

Солтүстікқазақстандық палуандар күрес түрлерінен ұйымдастырылған ел чемпионатында үшінші жүлдені қоржынға салды. Бұл жолы жеңіс тұғырынан грек-рим күресінің шебері Аманғали Бекболатов көрінді.

55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз қола медальды қанағат тұтты. Ол алғашқы айналымдарда қарсыластарына шақ келтірмеді. Тек жартылай финалда сүрінді. Оның жолын  дәл осы біріншілікте топ жарған Жамбыл облысының өкілі Жансерік Сәрсембиев кесті. Аманғалидың бүгінге дейін жеткен жетістіктері аз емес. Палуан – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 3 дүркін ел чемпионы. Қазіргі таңда толағайымыз Қызылжар ауданында шәкірт тәрбиелеп, бапкерлік қызмет те атқарып жүр.

 

 

Алдияр Айтпаев