Спорт

“Қызылжар” мен “Ордабасы” ұпай бөлісті

Қоржынға тағы бір ұпай түсті! Кеше петропавлдық “Қызылжар” футбол клубы мен шымкенттік “Ордабасы” командасы күш сынасты. Талғарда өткен матч 0 де 0 есебімен аяқталды.

Бұл ойында келесі жылы Европа Лигасында өнер көрсетуге ниетті қарсыластарымыз белсенді қимылдады. Бірақ, қаншы тырысқандарымен есеп аша алмады. Кезекті турдан кейін солтүстікқазақстандық ұжым  турнирлік кестеде 9-шы орынды сақтап қалды. Жерлестеріміз келесі матчты қараша айының 27-сі күні қызылордалық “Қайсар”-ға қарсы өткізеді. Біріншілік аяқталмағанымен 1-ші дивизионға аттанатын құрама мәлім. Ол – көкшетаулық “Оқжетпес”.

 

Култанов Байболат