Құқық қорғау органдары

Петропавлда жаяу жүргіншіні соғып кетті

Облыс орталығында жаяу жүргіншіні соғып кету фактісі тіркелді. Оқыс оқиға кеше таңертен Жамбыл мен Труд көшелерінің қиылысында орын алды.

Нәзікжанды жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатыпты. Осы сәтте 42 жастағы жүргізуші тұрғынды қағып кеткен. Нәтижесінде зардап шегуші бірқатар дене жарақатын алған. Жерлесіміз №3-ші қалалық ауруханаға жеткізіліпті. Машина тізгінінде де әйел адам болған екен. Ол машинаны масаң күйде басқармағаны анықталып отыр. Тәртіп сақшылары бұл фактіге қатысты әкімшілік материал жинақтады.

 

Ешкенова Дана