МТРА жаңалықтары

Желтоқсанда 11 күн демалыс болады

Желтоқсан жерлестерімізді наурыздағыдай демалыстарға қарық қылмақ. Ел тұрғындары екі бірдей мерекені қарсы алады. Ол – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні. Сәйкесінше, жұмыс істейтін уақытымыз 20 күнге дейін қысқарып, демалыс саны 11-ге дейін артады. Дәлірек тоқталар болсақ, қыстың бірінші айының алғашқы жұлдызы сейсенбіге келіп тұр. Бұл мемлекеттік мейрам болғандықтан, қазақстандықтар демалады. Ал Тәуелсіздік мерекесінде ерте желтоқсанның 16-сынан бастап, 4 күн қатарынан демалыс ұсынылып отыр. Жұмыс күні болып саналатын 18-і үшін, тұрғындар 20-сы, яғни жексенбіде еңбек ететін болады.

 

 

Эльмира Садвокасова